Алматылық 10 жастағы балаға шұғыл түрде көмек керек. Ауыр сырқатқа шалдыққан Айбек есімді жасөспірімнің өкпесіне су толған деп хабарлайды Алматы арнасы.
Ата-ана баланың осы жылдың ақпан айында ауырып, ауыр хәлде ауруханаға түскенін айтады. Тек ол кезде отандық дәрігерлер диагнозды дұрыс қоймағандықтан, тиісті ем жүргізілмей келді, – дейді анасы.
Үміттері үзілмеген ата-ана бар жиған-тергенін алып, ұлын дереу Оңтүстік Кореяға емдеуге әкетті. Екі апта бойы олар анализ тапсырудың өзіне 10 мың АҚШ доллары жұмсалғанын айтады. Енді ауруды анықтап, тиісті ем жүргізу үшін ата-анаға қомақты қаржы керек. Амалы таусылған анасы халыққа үндеу жариялап, БАҚ арқылы жұртшылықтан көмек сұрауға мәжбүр.
“Құрметті халқым! Мен Оңалбаева Венера ұлымыз Жебеген Айбектің еміне көмек сұраймын. Зерттеу құны бір бөлек, диагноз қойылған соң емдеу құны бір бөлек. Осымен, ары қарай зерттеу және диагнозын қойып, емін бастау үшін халықтан қаржылай көмек сұрап жатырмыз. Баршаңызға алдын ала алғысымды білдіремін! Сіздерден қаржылай көмек сұраймын”, – дейді ата-ана.
Өмірге құштар Айбек Жебеген отандық режиссер Ермек Тұрсыновтың “Кенже” фильмінде басты рөлдегі адамның баласының рөлін сомдаған, еліміздегі талантты жас дарынның бірі екенін еске сала кетелік.
Киноның тұсаукесер салтанатындағы мына видеоның 1мин 33 секундында ол: „Я не боюсь„ деп айтады.