Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Ермегияевтың оққағары: “Кінәмды мойындаймын”

Айта кетейік, Саят Нәдірбаев – «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтың сенімді тұлғасы. Басшысының тапсырмасы бойынша Нәдірбаев ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы жымқырылған және қолма қол ақшаға айналдырылған қаражатты Ермегияевқа беріп отырған. Бұл фактіні сотталушының бірі Марс Шорманов («Компания АДС» ЖШС экс- президенті) та мойындаған, ол сотта 937 млн. теңге шамасында қолма-қолға айналдырылған ақшаны Ермегияевқа оның сенімді тұлғасы Нәдірбаев арқылы бергенін айтқан еді.

«Жалпы Нәдірбаев бес мәрте Шормановтан 200-300 млн. теңге шамасында ақша алып, оны Ермегияевқа беріп отырған. Алайда, Нәдірбаев айыбын мойындайтын болғандықтан, Ермегияевтың басқа да сенімді тұлғалары оның тергеуден қашуын ұйымдастырған.

Ермегияевтың бауыры Н. Молдашев пен оның танысы С.Ережеп және басқа да тұлғалар жеті ай бойы Нәдірбаевты әртүрлі пәтерлерде жасырып келген. Іздеу шараларының нәтижесінде 28 наурызда Нәдірбаевты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері ұстады. Өз кезегінде Нәдірбаевтың жұбайы – Айда Нәдірбаева тергеуге кедергі келтіріп, шатастыру мақсатында БАҚ арқылы бірнеше мәрте мәлімдеме жасап, жалған айғақтар көрсеткен, күйеуінің ұрланғанын, оның заңсыз бас бостандығынан айырылғанын, оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің тарапынан зорлықтар жасалғанын айтқан.

Ал жалған кісі ұрлауды ұйымдастырушылар Талғат Ермегияевтың сенімді тұлғалары болып отыр. Қазіргі таңда Нәдірбаевтың тергеуден қашуын ұйымдастырғандарға қатысты қылмысты жасырғаны үшін айып тағылып, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуда», – делінген баспасөз баянында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз