Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ермегияевке болысқандар ісі бойынша прокуор колонияның экс-басшысын 7 жылға соттауды сұрады

“Мемлекетітк айыптаушы осы оқиғаның мән-жайы толықтай анықталды деген шешімге келді. Сотталушылар Әбен мен Мұсаевтың әрекеттеріне дұрыс құқықтық баға берілді.

Осы ретте Нұрлан Әбенді ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын.

Жазасын орта деңгейдегі колонияда өтесін, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Әбенді әділет полковнигі арнайы атағынан айыруды сұраймын”, – деді прокурор Бахтияр Ерназаров.

Айта кетейік, сотталушылар былтыр желтоқсанда қамауға алынған болатын.

“Талғат Мұсаев ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша айыпты деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасын орта деңгейдегі колонияда өтесін.

Өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Әділет майоры арнайы атағынан айыруды сұраймын”, – деді мемлекеттік айыптаушы.

Прокурордың айтуынша, Ермегияевке жазасын өтеп жатқан кезде ерекше жағдай жасалған.

“Ермегияевтің бөлмесінде бес ұялы телефон, тұрмыстық техника, тоңазытқыш, электр шәйнек, қысқа толқынды пеш, газ плитасы, тостер, салқындатқыш және тағы басқа техника болған.

Жиһаз, жеке заттар, азық-түлік өнімдері мен жеткілікті мөлшерде сусындар болған”, -деді прокурор Ерназаров.

Мұның алдында Талғат Ермегияев ісі бойынша сотта бұрынғы Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың жауабы тыңдалған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз