Бұл қызметке ол Қалмұхамбет Қасымовтың орнына келіп отыр.
ІІМ 2011 жылдан бері басқарып келген Қасымов Президенттің көмекшісі және Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
Ерлан Тұрғымбаев Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында туған. Білімі бойынша заңгер, ішкі істер органдарында қызметін 1984 жылы бастаған. Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ІІБ ЖҚБ бөлімшесінің жедел уәкілі болып жұмыс істеді.
1986 жылдан 2002 жылға дейін Алатау және Калинин АІІБ-нің тергеу-жедел бөлімшелерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ІІББ-да әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2002 жылдың ақпан айынан қыркүйек айына дейін ҚР ІІМ тоғызыншы департаментінің бастығы. 2002 жылдың қыркүйек айынан 2003 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы. 2003 жылдың сәуірінен 2006 жылдың мамырына дейін Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басқарма бастығы, бастығы. 2006 жылдың мамыр айынан 2006 жылдың шілде айына дейін ҚР ІІМ Тергеу комитетінің бастығы. 2006 жылдың шілдесінен 2012 жылдың желтоқсанына дейін-Алматы ішкі істер департаментінің бастығы.
ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен, І дәрежелі “Қайсар” белгісімен, ІІ дәрежелі “Даңқ” орденімен, сондай-ақ ІІМ мен ІІД құрмет грамоталарымен марапатталған.