Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ерлан Сағадиев медициналық университеттен шығарылған 117 студент жайлы пікір білдірді

«Былтыр білім сапасын бақылау комитетіміз университетке барып олардың жұмыстарын тексерді. Одан кейін олар тағы тексеру туралы ұсыныс берді.

Сол ұсыныс арқылы сол студенттерді қайта тексеріп, олардың IELTS сертификаттары дұрыс болмаса түзетіп, ондай жағдай болмаса енді оларды оқудан шығару, мемлекеттік гранттан айыру ұсынысы берілді.

Студенттердің басым бөлгі сотқа беріп, өздерінің құқығын қорғау жұмыстарын жасап жатыр. Өз құқықтарын қорғағандары дұрыс деп санаймыз, барлық аргументтерді тыңдайтын боламыз. Біздің регламент бойынша ең алдымен студенттер оқудан шығарылуы тиіс. Әрі қарай енді Денсаулық сақтау министрлігімен және университетпен ақылдаса отырып балалардың жағдайын білетін боламыз», – деді Сағадиев.

Ол Астана медициналық университетіне қандай шара қолданылуы мүмкін екенін айтты.

«Университет Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды. Сол министрлікпен ақылдасамыз, мұны білді ме, білмеді ме, мұны неге жасап отырғанын қарастырған соң нақты шешім қабылданады», – деді ол Мәжіліс кулуарында.

Журналистер министрден жалған IELTS сертификаттарын студенттер қайдан алуы мүмкін екенін сұрады.

«Мен қазір нақты білмеймін. IELTS тапсырғандардың аты-жөні деректер базасында болады. TOEFL, IELTS тапсырып магистратураға түскендердің құжатын тексеруіміз керек. Министрлік барлық университетті тексеріп жатыр. Құқық бұзушылық болған жағдайда шешетін боламыз», – деді министр.

Сондай-ақ ол жалған құжатпен оқуға түсіп университеттен шықан студенттердің нақты саны белгісіз екенін айтты.

Еске сала кетсек, Астана медициналық университетіне оқуға түсу үшін жалған сертификат сатып алған студенттердің оқудан шығарылғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз