Биыл ҰБТ тапсыру ережелері өзгерген жоқ, алайда түлектерге қолайлы болу үшін аздаған түзетулер енгізілді. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.
Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
“Биыл ҰБТ тапсыру ережелеріне өзгерістер енгізілген жоқ, алайда сынап тапсыратындарға қолайлы болу үшін аздаған түзетулер енгізілді. ҰБТ бес пәннен тұрады: үшеуі – міндетті, екеуі – оқушының таңдауына байланысты. Бүгінде тест тапсырмаларының базасы 50 пайызға жаңарған”, — деді министр есептік кездесуде.