Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Ерлан Біләлға пара берген адам анықталды

211

https://kaz.365info.kz/biz-zhaponiyaga-ketkende-asanali-ashimov-paramen-ystalgan-erlan-bilalga-khatysty-pikir-bildirdi-297224

“Сотқа дейінгі тергеу органдарының мәліметінше,

Ерлан Біләл “Сезам” қоғам қайырымдылық-шығармашылық қорының жетекшісінен

2017 жылдың 23 желтоқсанынан 2018 жылдың 7 қаңтары аралығында бірлескен театр қойылымдары жайлы құжатқа қол қойдыру үшін 900 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді”, – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл 5 қаңтарда 1,5 миллион теңге парамен ұсталған болатын.

“Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Алматыда Жаңа жыл кезінде балаларға қойылым қою мақсатында театрдан орын беру үшін заңды тұлғадан 1,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Кінәсін толық мойындауына байланысты ол қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр”, – деп хабарлаған еді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

https://kaz.365info.kz/talandar-erlan-bilaldi-khorgagan-aktrisa-eldin-aldynda-enirep-tyryp-olen-okhydy-297039

Ал 9 қаңтарда Әуезов театры директоры міндетін атқарушы тағайындалған болатын.

“Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің “Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры” Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Біләлов Ерлан Әбділдаұлы 2018 жылдың 4 қаңтарында істің мән-жайы анықталғанша қызметінен шеттетілді. Шеттетілген уақытта міндетті директордың шығармашылық іс бойынша орынбасары Жандарбек Алайдарұлы атқарады”, – делінген еді министрлік хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз