Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

„Ерке қыз кешір„. Төреғали Еркеден ән арқылы кешірім сұрады

321

Төреғали Төреәлі инстаграм желісіндегі парақшасында “Ерке қыз кешір” атты жаңа әнін бөлісті. Аталған туындының атына қарап көпшілік оны Ерке Есмаханға арналды деген пікірді ұстануда. Еркенің өзі де аталған әнді бөлісіп, тұсына “Кешірдім…” деп жазып қойыпты.

https://www.instagram.com/p/BWnUAkClwz4/?taken-by=toregalitoreali

Желі қолданушыларының аталған әнге қатысты пікірлерге екіге бөлінді. Бірі мұны пиарға баласа, екіншілері, расымен де, Ерке Есмаханға арналғанына сенімді. Арасында әнді жоғары бағалап, әншіге жылы лебізін білдіргендер болды.

“Қазақтың жігіттері осындай болуы керек! Қыз баланы сыйлап тұрса, қандай керемет!”, “Ерке, енді мына халыққа не болғанын, әннің кімге арналғанын, не үшін шыққанын жазып жібер. Бейшара халық жүректерін бассын”, “Әлемде жалғыз Ерке өмір сүріп жатыр ма?”, “Міне нағыз жігіт”, “Өнерде деп тұр ғой. Өнерде тағы басқа Ерке бар ма еді? Ерке Есмаханға арнап шығарған шығар?!”, “Еркеге арналмаған бұл ән”, “Ерке мен Төреғали жақсы жұп. Екеуі әнді керемет айтады. Ерке өте сұлу қыз. Даусы да жақсы” деп жазады Ерке Есмаханның оқырмандары.\

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз