Ардақ Назаровтың інісі кез келген спортшы арман ететін әйгілі UFC бірлестігінде жұдырықтасудан бас тартқан.
Сөйтсе Бейбіт Назаровқа ережесіз жекпе-жекті ұйымдастырушылар айқасқа шықсаң Қытайдың атынан шығасың, түрлерін ұқсайды депті. Мұны спортшы өзінің ар-намысын аяқ-асты ету деп қабылдап, намысқа тиер ұсыныстан бас тартқан.
“Сендер ұқсайсыңдар, азиатсыңдар ғой деді. Қазақстанның атынан шығам дегенімде, “жоқ болмайды” деген жауап алдым. “Шықсаң Қытайдың атынан ғана. Келіссең міне саған контракт” деп айтты олар.
Ұйымдастырушылар мен қол қойсам, 2018 жылдан бастап ресми түрде UFC спортшысы болатынымды айтты” , – деді Бейбіт Назаров.
Өзге ел атынан жұдырықтасуға келіспеген отандық спортшы, бүгінде әйгілі ережесіз жекпе-жек бірлестігінің құрамына өтудің басқа жолын тапты. Тек, бұл жолы Қазақстан атынан.
Бейбіт Назаровтың келесі жекпе-жегі оның UFC-ге қосылуына 90% мүмкіндік бермек. Ол 21-желтоқсанда Алматы қаласында Мартин Браун есімді америкалық спортшымен жұдырыспақ.