Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ерекше дауыс иесі”. Қазақтың жиен баласы “Евровидение” додасына түседі (видео)

123

Барлық музыка мамандары баланың өнеріне жоғары баға беріп, оның орны үлкен сахнада деп кесіп айтады. Сондықтан Кристиан әлем аралап ән салатын дүниежүзілік деңгейдегі әнші болғысы келеді. Ол осы мақсатына қарай жаңылмай аяқ басып келеді. Ендеше тамаша дауысқа ие қазақтың жиен баласына тек сәттілік тілейміз!

Иә, Кристиан – биылғы Евровидениеде өнер көрсететін ең жас әнші. Ол 2000 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Шешесі Зәуренің Отаны – Қазақстан, ал әкесі бұлғар екен.

2013 жылы ол Ресейдегі «Голос. Дети» телебайқауына қатысады. Оның тәлімгері Дима Билан болған. Ол финалға дейін жетті, бірақ жеңіске аз қалғанда жобадан шығып қалады.

2015 жылы 15 жасында Кристиан Костов «The X Factor Bulgaria» телешоуының 4-маусымында өнер көрсетеді. Ол финалға шығып, Эмиль Димитровтың «Ако си дал» әнін орындап, ІІ-орын алды, ал І-орын Христиан Луизуға бұйырды.

Осы сайыста Кристианға нағашы атасы Сейфолла Қайдаров бата беріп, ақ жол тіледі.

Оны төмендегі видеодан тамашалауға болады.

Дима Билан «Евровидение» халықаралық байқауында Кристиан Костовтың орындайтын әні туралы былайша пікір айтты.

“Ғаламат ән таңдадық, ролигі де тамаша. Бүгінгі күнге сай – ән де видео да бәрі бар. Жастар, ақ пен қара түсте, қарғалар секілді. Бәрі дәмін келтіріп жасалғандай!”, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз