Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ерегіскен біреу министр блогына полицейлердің масқара суреттерін жариялай салды (фото)

Антон Волковтың айтуынша,

мемлекеттік қызметкерлер еш ұялмастан ішімдіктермен кафелерде және мейрамханада, қымбат көліктерімен демалыс орындарында түскен суреттерін әлеуметтік желілерде жариялай береді екен.

“Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексті қаншалықты сақтайтынын анықтау үшін “Вконтакте” әлеуметтік желісі сарапқа алынды. Осыған дейін жергілікті шенеуніктерге үйлену тойларында бөтен адамдармен суретке түспеуге кеңес берілген болатын. Павлодар облысының этика жөніндегі уәкілетті өкілі Юрий Фельдманның айтуынша, сондай іс-шаралардағы бөтен адам ұйымдасқан қылмыстық топтың немесе радикалды топтың мүшесі болуы мүмкін. Салдарынан ол мемлекеттік қызметкердің басына проблема тауып беруі мүмкін”, – деп жазған Антон Волков.

Сондай-ақ, қоғам белсендісі “Вконтакте” әлеуметтік желісіндегі “Служители Закона в Казахстане” альбомына сілтеме жасайды. Ол парақшада қолданушылар этикалық кодекстің нормаларын сақтамаған полицейлердің суреттерін жариялайды.

Қасымов бұл мәлімдемеге жауап ретінде қазіргі уақытта Павлодар облыстық ІІД өкілдерінің қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын айтты. Тексерістің нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз