Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ердоған сенсациялық мәлімдеме жасады

Ердоғанның сөзінше, Түркия Қырым татарларының басындағы ахуалды жіті бақылап отырады. Ол Украинаға Қырым татарларының құқықтарын қорғап жатқаны үшін алғыс айтты.

Ресей Украинаның құрамындағы Қырым автономиялық аймағын 2014 жылғы наурызда аннексиялап алған еді. Мәскеу түбекке әскер кіргізіп, тәуелсіздік туралы референдум ұйымдастырған. Референдумның нәтижесін көптеген ел әлі мойындамайды. Ресей Украинаның шығысында бас көтерген сепаратистерге дем беріп, қарулы қақтығыс кезінде 10 мыңнан астам адам өлген.

Халықаралық және жергілікті құқық қорғау ұйымдары мен Батыс елдерінің үкіметтері Мәскеуге қарсы шыққан Қырым татарларының қудалауға ұшырап жатқанын айыптап келеді.

9 қазанда Украина президенті Петр Порошенко Twitter парақшасында:

“Бүгін Қырымдағы Украина азаматтарының құқықтары мен бостандығын халықаралық механизмдер аясында қорғай беруге келістік” деп жазды.

Киевтегі үш сағаттық Украина-Түркия келіссөздерінен кейін екі жақ бір жылдық сауда айналымын 3.8 миллиард доллардан 10 миллиардқа дейін өсіруге уағдаласты деп хабарланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз