Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Ердің құны – ескі айна…

Енді ғана 25 жасқа толған,өлім түгілі жекіп ұрысуға қимайтын ұлдың ажалының құны — мініліп жүрген ескі мәшинесінің ескі айнасы!

Бұл қаралы оқиға тағы да ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ауыр сұрақ қойып отыр: “Біз қашан еліне абырой әперген ұл-қыздарымызды сақтайтын боламыз,қашан жанқалтасына пышақ,төсқалтасына тапанша салып жүретін бейбіт күнде қырғын соғыс аңсағандардан құтыламыз?!!”.

Себепсіз оққа ұшып жатқан жас чемпиондарымыздың тізімі анау,ел сүйіктісі боп үлгерген боксшы,қара қыпшақ Қобыландыдай батыр ағамыз Әбдісалан Нұрмахановтың бір жүз мыңға жетпейтін тенге үшін ту сыртынан атылғаны анау…

Жалпы біздің Ішкі істер министрлігінің қызметінде көшедегі мәшине біткенді аңдып,содан ақша сауғаннан басқа жеткен табысы бар ма осы?! … Денис баламмен Сочи Олимпиадасында жолығып,оның жүзінен төгілген нұрына еркін шомылып,көзімізге жас толып толғанған едік.

Бүгін көз жасын тиюға ерік жоқ! Ал,мұндай көз жасы елде,қоғамда темірдей тәртіп орнамай,көше кезген жұмыссыз,білімсіз,өзі мен отбасын ұрлық-зорлықпен асырап жүрген жандар азаймай құрғамайды!

Даңқты спортшы Қазақ Қоғамына және оның жетекшілеріне тағы да осыны ескерту үшін құрбан болғандай боп көрінеді маған…
Мына суретті мен сол Сочидегі бір кездесуде түсіріппін…

Енді осы бір сүйкімді бейнені ел де,мен де сағына іздейтін күндер туғаны қандай өкінішті. Хош,елге қазақтың баласындай қымбатты ұлан Денис Тен! Бақұл бол,балам!

Несіп Жүнісбаев

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз