Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ерасыл Әубәкіровтың өлімі: бай баласы Аян Мейірбаев жазадан сытылып кетті

Ал болашақ дәрігер Ерасыл Әубәкіровты азаптап жатқаны жайлы видео болса да, күдіктіден куәгерге айналып шыға келген Аян Мейірбаев жазадан мүлдем сытылып кетіп отыр. Бай баласы сотта да төбе көрсеткен жоқ.

Дүйім жұртты дүрліктерген 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты сот бір ай бойы жабық өтіп, журналистерге де кіруге тыйым салынған еді. Бірақ соңғы отырыс болған соң есік ашық. Сондықтан үкімді тыңдауға келгендердің қарасы қалың. Қаптаған камерадан бөлек, айыпталушылардың туыстары, алқа билер мен марқұм Ерасыл Әубакіровтың әкесі де осында.

Тек, алғашқыда студентті «өлтіруге тапсырыс беруші» деп айыпталып, кейін күтпеген жерден жәбірленуші боп шыға келген Аян Мейірбаев жоқ. Ал Нұрбек Әжімбай, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев бұл үшеуі қылмыстық топ құрып, Ерасыл Әубәкіровты азаптап өлтірген боп шықты. Тергеушілердің осындай уәжі істі қараған алқа билерді де, судьяны иландыра алғандай.

 

Әжімбайдың сыбайластары Андрей Тихоненко 16 және Виталий Шерстенев 11 жыл абақтыда отырады. Әсіресе Ерасыл Әубәкіровты азаптау сәтін видеоға түсіріп алған Нұрбек Әжімбайдың анасы ұлының кінәсіз екеніне сенімді.

Сәуле Сатыбалдиева, Н.Әжімбайдың анасы:

-Менің ұлым ешкімді өлтірген жоқ. Видеоны өзін қорғау үшін түсірген. Нағыз қылмыскер бостандықта жүр. Әділетсіз үкім бұл. Ақшаның күшімен шешіліп отыр бәрі.

«Бостандықта жүр» деп Сәуле Сатыбалдиева Аян Мейірбаевты айтып тұр. Алайда, судьяның айтуынша  Мейірбаев студентті азаптамаған, тек жұлқылаған көрінеді. Тергеу материалдарына қарағанда, Нұрбек Әжімбай курстасы Аян Мейірбаевтан ақша бопсалаған. Яғни, оның  қалталы әкесіне ұлының жас жігітті қинап жатқан сәттегі видеосын жіберіп, одан  135 миллион теңге талап еткен көрінеді. Бұл ойы жүзеге аспаған соң Әубәкіровты өлтіріп, Мейірбаевтың көлігінің жүк салғышына салып жіберген екен.

 

Ал былтыр ақпанда өлтірілген  марқұм студентке сексуальдық қиянат жасалмаған боп шықты.  Бұны сараптама да дәлелдеген.

Жазадан құтылған Аян Мейірбаевтың өзі үкімді тыңдауға келген жоқ. Тіпті, осы уақыт ішінде процеске бір-ақ рет қатысыпты. Ал, сотталған үшеу әзірге изоляторда отырмақ. Егер 15 күн ішінде сотқа апелляциялық шағым түспесе, олар қатаң тәртіптегі колонияға аттанады.

89_main_1

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз