ҚР Ішкі істер министрлігі Астанадағы медициналық университет студентінің мәйітін тасығандарға қатысты бөлек қылмыстық іс қозғады.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев мәлім етті. Ол бұл іске қатысты екі адамның іздестіріліп жатқанын айтты. Аян Мейірбаевтың апайы туыс болғандықтан, жауапкершілікке тартылмайтын болыпты.
– Қылмыстық заңнамаға сәйкес, туысқан адамдар қылмысты жамап-жасқағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Ал одан бөлек әлі анықталмаған екі адамға байланысты бөлек қылмыстық іс қозғалды. Іздестіру шаралары жалғасып жатыр, – деді Алмас Садубаев.
12-қазанда сот Ерасыл Әубәкіровті өлтіргендерге қатысты үкім шығарды. Нұрбек Әжімбай барлық мүлкі тәркілене отырып, 20 жыл бас бостандығынан айырылды, Андрей Тихоненко да барлық мүлкі тәркілене отырып, 16 жыл бас бостандығынан айырылды, ал Виталий
Шерстеневқа 11 жыл кесілді.
Аян Мейрбаев студент өліміне қатысы жоқ деп танылды. Тергеушілер оның іс-қимылынан қылмыстық құрам таппай, қудалауды доғарған.