Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ер адамның көзінен жас орнына қан аға бастады

290

Бұл туралы Science Alert басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

52 жастағы ер адам көзінен қан ағып тұрғанын айтып, жедел жәрдем шақыртқан. Бұл аяқ асты басталып, қан 2 сағат бойы тоқтамаған. Сондықтан ер адам дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болыпты.

Артынша қан тоқтағанымен, біраз уақыттан кейін қайта аға бастаған. Пациенттің еш жері ауырмаған, жарақат алмаған және көзінің көруі нашарламаған. Қарашығын да еш ақаусыз қозғай алады екен. Сондықтан дәрігерлер не істерін білмей, есіп шығыпты. Ал ер адам мұндай жағдайдың бірінші рет болып тұрғанын айтты.

Пациентті тексеруден өткізгеннен кейін, көз алмасын жауып тұратын мембрананың аздап қабынғаны анықталған. Сондай-ақ, екі қабағының астынан қатерлі емес ісік (гемангиом) табылыпты. Мұның бәрі гемолакрия дертіне меңзеген. Аталған дерт кезінде көзден жаспен бірге қан ағады.

Өз кезегінде дәрігерлер көз гипертензиясы кезінде қолданылатын көзге арналған тамшыларды қолданды. Мұнан кейін пациенттің көзінен қан ағуы тоқтап, артынша қайталанбаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз