Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасына жантүршігерлік ақпарат жариялады.
Гүлмира Әбіқайдың желідегі жазбасына сүйенсек, 26 жастағы әйелді күйеуінің анасы ұрып-теуіп, қорлаған. Келіншек зорлық-зомбылыққа шыдамай өзіне қол жұмсамақшы болған. Сірке суын ішкен келіншек қазір ауруханада жатыр.
«Шаштан тартып, сүйреп, денесінен тепкілеу, көзінен ұру — ененің күнделікті сүйікті ісі. Баласы жуас болғаннан кейін, келінді мықтап ұстауға өзі кіріскен», – деп жазыд журналист Гүлмира Әбіқай.
Келіншек 20 жасында тұрмысқа шыққан.