Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Энергетика вице-министрі Шкарупа қамауға алынды

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер айтты деп хабарлады Tengrinews.kz.

“Санкция бар. Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тергеу жүргізіп отырған органның Шкарупа Анатолий Валерьевичті 2019 жылдың 16 қаңтарына дейін екі айға қамауға алу түріндегі өтінішін қанағаттандырды”, – деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Санкция 18 қарашада шыққаны хабарланып отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақша жымқырды деп айыптаған болатын. Оның Саран қаласының бұрынғы әкімі боп тұрғанда 2015 жылы орталық жылытуы жоқ есептеу құрылғысын бекітуге бөлінген 215 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз