Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Енді жазасын өтеген адамға «Соттылығы жоқ» деген анықтама беріледі

178

Қылмыс жасағандығы туралы мәліметті жою үшін тиісті жазасын өтеп келген азамат жеке куәлігімен Халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс. Сол жерде ол өтінішін толтырып, 3 минут ішінде соттылығы жоқ туралы анықтама құжат ала алады екен.

– Кейбір мекемелер азаматтарды жұмысқа қабылдау кезінде олардан сотталмағандығы туралы анықтама әкелуді талап етеді. Бұл бұрын сотталған азаматтардың наразылығын тудырып келген еді. Азаматтардың құқын қорғау мақсатында осы мәселе ҚР Бас прокуратурасында қаралды. «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 13-бабына сәйкес, стандартты түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізімдемесіне қызметті енгізген күннен бастап 3 айдың ішінде бекітіледі, – деді басқарма басшысының орынбасары Жәнібек Семғалиев.

Енді, 2017 жылдың ІІ-тоқсанынан бастап бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, соттылықтары жойылған немесе алынып тасталған азаматтар анықтаманы «Соттылығы жоқ» деген белгімен ала алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз