Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Енді үлескерлер кез келген компанияға ақша құя алмайды

Құрылыс компаниясы үлескерлерден ақша алу үшін кемінде үш шарттың бірін орындауы тиіс:

  • «Қазақстан тұрғын үй компаниясынан» кепілдік алу;
  • Банкпен келісім жасасып, әкімдіктен рұқсат алу;
  • Үйдің қаңқасын толық тұрғызу.

Құрылыс компаниясы жұмысын тоқтатқан жағдайда, үлескерлер ақшасын немесе баспанасын үш түрлі жолмен қайтара алады. Егер мемлекеттік компанияның кепілдігі болса, сол ұйым құрылысты аяқтап береді.

Енді кепілдік алу талаптары жеңілдеді: құрылыс компаниясында 2 жыл тәжірибе болса және ірі қалаларда 10 мың м², өңірлерде 5 мың м² баспана салғанын дәлелдесе жеткілікті. Бұл талап шағын компанияларға заңды түрде жұмыс істеуге жол ашады.

Құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешендерін жарнамалауға болмайды. Азаматтар компанияның заңды жұмыс істеп жатқанын Egov немесе банк қосымшасы арқылы тексере алады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз