Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Енді түсінікті болды…”. Әйел еркектің қабырғасынан жаралмаған екен

2695

Сондықтан ол баланың осы жаста жынысын нақтылап, діни ерекшелігін көрсетіп, сыныптастарынан оқшаулануы дінімізге де, ділімізге де, заңымызға да қарсы әрекет. Енді осы әрекетті сол бала жасап отырған жоқ, оны тәрбиелеп отырған ата-анасы. Оған оның еркі де, санасы да, ақылы да, ішкі діни сезімі де жетпейді.

Бұл ата-анасының баласын құрал қылуы, сол арқылы еркін заңға қарсы екендігін, зайырлылық талаптарын мойындамайтындығын көрсетіп отыр.

Біз – ислам арқылы мәдени болмысқа айналған, ұлттығымызды қалыптастырған, дәстүрлі мемлекеттілігі мен тарихи тәжірибесі бар халықпыз. Біз кеше ғана мұсылман болған ел де емеспіз. Қазіргі қоғамдағы несәлафилік тенденция осы жоғарыда айтылғандардың бәрін жоққа шығарып, діндарлар арасында теріс психологиялық пиғыл қалыптастыруға мұрындық болып отыр. Бұл үдеріс отбасы институтын зайырлы қоғамнан оқшаулау, имманентті мәндегі ішке бүріну, қоғам талабына немқұрайды қарау, заңды елемеу, кеңістік пен уақыт үндестігі үйлесімділігіне қатыспауды өз құралдарының ерекшелігі мен сипаты ретінде сомдап жатыр.

Исламда жынысына қарамастан ер ме, әйел ме жаратылысынан тең, бір рухтан шыққан.

Біреулердің негіздеп жүргеніндей, «исламда әйел еркектің қабырғасынан жаралмаған». Алла алдында тең болғандықтан да исламда әйел мен еркекке бірдей білім алу парыз етілген. Бұл білім алудың мазмұны да сол уақыт пен кеңістіктің талабына сай болуы қарастырылған.

Бүгінгі жаһанданған дүниеде білім алу мазмұнында, еліміз басқалармен терезесі тең болу мақсатын көздеген болса, Ханафи мазхабы да бұл шартты қолдайды. Еліміздің білім беру жүйесі зайырлы сипатта, бұл – шарт. Олай болса, діни үкім тұрғысынан да ол діндар әйел не еркек болсын, Алла алдындағы жауапкершіліктен ада болады.

Бірақ еліміз ислам дінінің өркендеуіне барынша қолдау көрсетіп отырған бірден бір мемлекет.

Белгілі дінтанушы ғалым Досай Кенжетайдың sn.kz порталына берген сұхбатынан үзінді. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз