Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Енді саунаға некеде тұрмаған жұпты кіргізбейді

103

Душанбе тұрғыны Дилшодты өткен аптада әйелімен саунаға бірге жібермеді, өйткені олар неке туралы куәлік көрсетпеген.

“Біз жаңа ереже туралы білмедік, сол себепті ерлі-зайыпты екенімізді дәлелдей алмадық. Сауна қожайындары бұны билік ережесі деп түсіндірген”, – деді қала тұрғыны.

Тәжікстан ІІМ баспасөз хатшысы ​Умарджон Эмомали мұндай ереже жезөкшелер жайлаған мекендермен күресу үшін жасалғанын айтқан. Сол себепті сауналар мен басқа да мекемелердің қожайындарына қатаң ескертілген. Қаладағы қонақ үйлердің қожайындары да осындай ескерту алған. Жекеменшік қонақ үйлердің ресепшнінде ерлі-зайыпты еместерге бірге нөмір берілмейтіні айтылған.

Дереккөз: centralasian.org

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз