Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
3
USD
477
0.00
EUR
468
0.00
RUB
8.36
0.00

Енді Kaspi.kz қосымшасында автокөлікті кепілге онлайн қойып, шығаруға болады

111

Бұрын кепілге құжаттарды ресімдеу үшін банкке, мамандандырылған ХҚО-на, полицияға бару керек еді. Бұған бірнеше сағаттан бірнеше күн уақыт кететін.

Енді қазақстандықтар құжаттарға Kaspi электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы онлайн қол қойып, мемлекеттік баж салығын комиссиясыз төлеп, автокөлікті кепілге қойып, шығара алады. Бүкіл әрекет бірнеше минутта жүзеге асады. Сондай-ақ кепілден шығарылғаны туралы анықтаманы да Kaspi.kz суперқосымшасынан алуға болады.

Михаил Ломтадзе, басшысы және негізін қалаушылардың бірі:

«Цифрландыру министрі Бағдат Мусин ұстанған мемлекеттік қызметтерді демонополизациялау бағыты Kaspi.kz және басқа да инновациялық компанияларға әрбір қазақстандыққа арналған қызметтерді барынша қарапайым, ыңғайлы және қолжетімді етіп жасауға мүмкіндік береді. Өткен жылы біз автокөліктерді онлайн қайта тіркеуді іске қостық, қазір еліміздегі әрбір үшінші көлік Kaspi.kz арқылы онлайн тіркеледі. Бірақ көлікті кепілдікке қойған немесе шығарған кезде ХҚО-на барып, кезекке тұрып, уақыт жоғалтуға тура келетін. Сондықтан біз Цифрландыру министрлігінің қолдауымен, Ішкі істер министрлігімен бірге сүйікті клиенттерімізге тікелей Kaspi.kz мобильді суперқосымшасында кепілді тез және оңай қоюға және шығаруға мүмкіндік беретін жаңа инновациялық қызметті енгіздік. Бұл бизнес пен мемлекеттің ынтымақтастығы қазақстандықтардың өмірін қалай жақсартатынын көрсететін тағы бір мысал».

Ішкі істер министрлігі мұны халыққа ыңғайлы болу үшін жасалған, ведомство әзірлеуге қатысқан бірінші қызмет емес екенін атап өтті. Соңғы бір жылда Ішкі істер министрлігі қаржы институттарымен бірлесіп, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы азаматтарды және көлік құралдарын тіркеу бойынша қызмет көрсетуді жеңілдететін бірнеше жобаны қолға алды.

Бұл қызмет Kaspi.kz, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР ІІМ-нің ең заманауи технологиялардың мен жүйелерінің үздіксіз ықпалдасуының арқасында іске қосылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2022 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз