Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Енді ешқандай айыппұлсыз несиені мерзімінен бұрын жабуға болады

Өтеу тәсілдері:

– Толық өтеу – негізгі қарызды, пайызды, комиссияны толық жабу.

– Ішінара өтеу – жоспардағы сомадан артық ақша төлеу. Мұнда қарыз алушы:

– ай сайынғы төлемді сақтай отырып, кредит мерзімін қысқартуға;

– несиенің мерзімін сақтап, ай сайынғы төлемді азайтуға құқылы.

Бұрын банктер мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл салатын. Енді мұндай санкциялар тек заңды тұлғаларға ғана қолданылады. Дегенмен, банк қарызды ертерек өтеу шарттарын (минималды сома, өтініш беру мерзімі, есептік күндер) анықтап, қосымша талаптар қоя алады. Сондықтан сарапшылар қарызды мерзімінен бұрын жабу жолын алдын ала банкпен нақтылап алуға кеңес береді.

Маңызды ескерту: Өзгеріс күшіне енгенге дейін төленген айыппұлдар мен өсімпұлдар қайтарылмайды.

  1. Қарызды кейінге қалдыру

Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға және төтенше жағдайдан зардап шеккендерге банктер мен МҚҰ-лар қосымша төлемсіз, комиссиясыз кемінде 3 ай мерзімге төлемді шегеруге міндетті.

Шарттары:

– соңғы 2 айдағы орташа табыс 12 айдағы орташа табысқа қарағанда 30%-дан артық азайса;

– қарыз алушыға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалса.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз