Кейбір адамдардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін жәрдемақыға берген өтініштері мақұлданбады.
деген вице министрдің сөзін tengrinews.kz хабарлады —
Көбінесе өзі-өзі жұмыспен қамтығандар осындай жағдайға тап болуда. Олар БЖТ-ны [бірегей жиынтық төлем] кешіктіріп төлеген. Яғни алдымен өтініш жіберіп, кейін БТЖ төлеген. Нәтижесінде жүйе салымдарды көрмегендіктен, оларға өтініш қабылданбады деген хабарлама келді.
БТЖ төлегені туралы ақпаратты бірден бермейтін банктер де бар. Со себепті екі-үш күн кешіктіріліп жіберіліп жатыр.
Егер шынымен де ТЖ байланысты табысыңыздан айырылып, БТЖ төлеген болсаңыз 42500.enbek.kz сайтына кіріп, қайтадан өтініш бере аласыз Жүйеде бұрын берілген өтініш болғандықтан, қабылданбады дегендер қазір тағы бір рет байқап көріңіздер».