Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ең қымбаты – Haileybury Astana мектебі. Елордадағы жеке мектептердің ақысы қандай?..

https://kaz.365info.kz/alty-zhasar-khyz-saryagashtagy-bala-zorlygy-okhigasy-almaty-oblysynda-khajtalandy-326861

«Мирас» мектебінің француз тіліндегі секцияда оқу ақысы анағұрлым арзан – жылына 2,5 млн теңге.

Бірақ, бұл секцияда екінші және үшінші баланы оқытуға жеңілдіктер берілмейді.

Құрылғанына 10 жылдан асқан Nurorda мектеп-лицейінің жылдық білім беру қызметі 2 млн 210 мың теңгеге бағаланады.

Сонымен бірге, биылғы оқу жылында «Алпамыс» атты жаңа жеке мектеп өз есігін айқара ашады. Мұндағы жылдық оқу ақысы – 1,5 млн теңге. Бұл қаражатқа оқулықтар мен үйірмелер енген және күнделікті үш мезгіл тамақтандыру үшін ай сайын қосымша 35 мың теңге төлеу қажет. Одан бөлек, 150 мың теңге оқуға қабылдану жарнасы бар.

https://kaz.365info.kz/zorlykh-faktisi-rastaldy-saryagashtagy-balanyn-myddesin-khorgaushylar-algash-ret-ashykh-sykhbat-berdi-326758

Елордалық «Ақбұлақ» мектебінде алғашқы оқу жылы үшін ата-ана 1 млн 150 мың теңге төлеуі қажет.

«Голубой парус» жеке мектебіне қабылдану үшін 150 мың теңге жарна төленеді және ай сайын 127 мың теңгеден төлеу міндеттеледі. Осылайша, 9 айлық оқу ақысы – 1 млн 143 мың теңгені құрайды. Келесі оқу жылының ақысын алдын ала төлеген ата-анаға 5% жеңілдік жасалады.

Өзге мектептермен салыстырғанда, Экономикалық лицейдегі оқу ақысы анағұрлым арзан – жылына 700 мың теңге. Мұнда да 150 мың теңге мектепке қабылдану жарнасын төлеу қажет және қазірдің өзінде 1-сынып балаларын қабылдайтын орын қалмаған.

Биылғы жаңа оқу жылында Астанада тағы бір жеке мектеп ашылады. «Болашақ» бағдарламасының түлектері ашқан Astana Garden School тек қана 10-11 сынып оқушыларын ғана қабылдайды. Мұндағы жылдық оқу ақысы – 3 млн теңге.

https://kaz.365info.kz/dyrys-boldy-esi-bar-bireu-aset-isekeshev-majya-bekbaevalardy-okhulykhtan-alyp-tastapty-326851

Айта кетейік, кей мектептерде сынып жоғарылаған сайын оқу ақысы да қымбаттай түседі. Мәселен, «Мирас» халықаралық мектебінде 11-12 сынып оқушылары үшін жылдық ақы 5 миллион теңгеден, Haileybury Astana мектебінде – 9 миллион теңгеден асады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз