Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Елжан Біртанов: сұрақты маған емес, қоғамға қою керек

114

Біртановтың айтуынша, әзірге 16 жастан асқан қыз балаға түсік жасатуға рұқсат ету туралы заң жобасы жоқ, ұсыныс қана. Дегенмен, министр өзіне жауапкершілік алған 16 жастан асқан қыздардың медициналық көмек алуға құқы бар деп санайды.

Себебі сарапшылар тәрбиеден кеткен қателіктен жасөспірімдер өздеріне қол жұмсап, түсік жасататынын айтқан. Сондықтан, министр сұрақты әр адам өзіне қоюуы тиіс деп отыр.

“Бұл сұрақты маған емес, қоғамға бағыттау керек.

Егер, балалар біздің шешімімізсіз жыныстық қатынасқа түсіп жатса, біз оларды қаншалықты дұрыс тәрбиелей алып жатырмыз?

Сондықтан, әр адам бұл сұрақты өзіне қоюы тиіс. Мұны талқылау керек”, – дейді Елжан Біртанов.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрлігі елімізде 16 жастан бастап жасанды түсік жасатуға рұқсат беру туралы ұсыныс жасаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз