Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Елжан Біртанов менингиттен көз жұмған үш адамның ораза ұстағанын айтты

«Қазіргі күнде алдын алу шаралары пайдалы болып отыр. Қажетті шаралар туралы ақпарат беріп жатырмыз. Біріншіден, өз-өзінің денсаулығын сақтап, көп адам жиналатын орындарға бармай, балаларды жібермей, олардың денсаулығын сақтау мәселелері», – деді министр баспасөз мәслихатында.

Ол сондай-ақ Алматы қаласында менингиттен қайтыс болған үш науқастың Ораза ұстағанын атап өтті.

«Алматы қаласында қайтыс болған науқастардың үшеуі ораза ұстағанын айтып өттік. Соған байланысты біз мүмкіндік болса Оразаны тоқтатып, осы ауруларға қарсы дәрі-дәрмек бергенде қабылдау қажет екенін айтып отырмыз. Кейбір науқастар «біз ораза ұстаймыз» деп дәріні алмаған.

Соған да байланысты болу мүмкін, сонымен бірге бұл ауру адамның иммунитетіне де байланысты. Иммунитет нашар болса қауіп өте жоғары», – деді Біртанов.

Еске сала кетсек, ҚР Денсаулық сақтау министрі елімізде 2018 жылдың басынан бері 58 науқас менингитпен тіркелгенін, оның ішінде 18 науқас – 14 жасқа дейінгі балалар екенін айтты. Жыл басынан бері 12 жағдай өліммен аяқталған, оның 5-еуі 14 жасқа дейінгі балалар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз