Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қылмыстық іске қатысы бар деп айыпталды.
«ҚР ҚМ ҚМК Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановқа қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, —
делінген хабарламада. —
Е.А. Біртановқа қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады».
Іс бойынша басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін құпия сақталады.