Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Елордада JCB жаңа дилерлік орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы JCB жаңа дилерлік орталық Қазақстан Республикасының аумағында үшінші болып табылады. Автоорталықта 3S тұжырымдамасы іске асырылады, бұл үш құраушы: арнайы техника, түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді сату және сервистік қызмет көрсетуді білдіреді. Басқаша айтқанда, Autodom Machinery JCB құрылыс техникасының иелеріне кешендік ұсынысты ұсынады. Осындай заманауи JCB автоорталықтар Алматы, Атырау қалаларында, сондай-ақ Бішкек қаласында (Қырғызстан) жұмыс істейді. Құрылысқа шамамен 1 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Ауданы 1000 ш.м. орталық үш қызмет көрсететін орынмен жарақталған, кең шоурум мен JCB техниканың барлық желісіне толық диагностика және жөндеу жасау үшін бірегей жабдыққа ие. Айта кетуі керек, жаңа дилерлік орталықтың ашылуы арқасында, елорданың тұрғындары үшін 25-ке жуық жаңа жұмыс орындары құрылды.

«Бірнеше жыл бойы британдық JCB өндірушісінің арнайы техникасы елорданың коммуналдық қызметтерінің таптырмас көмекшісі болып табылады. Мемлекеттік жобаларды іске асыру үшін жеткізілетін техниканың айтарлықтай көлемін тек қана арттыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, құрылыс саласы – ұлттық экономиканың маңызды элементі, ол тұрақты өсуді көрсетеді. JCB арнайы техникасы құрылыс пен экономиканың түрлі салаларында кең қолданылады және ең жоғары стандарттарға жауап береді. Модельдеріне қарамастан, біздің машиналарды мінсіз сапа, керемет өнімділік пен уақытпен тексерілген сенімділік ерекшелендіреді», – деп белгіледі JCB Russia & CIS Аймақтық директоры Николас Гриллс.

Orbis Machinery компания тобына кіретін Autodom Machinery – Orbis Kazakhstan компания тобының бөлімшесі, шынжыр табанды және доңғалақты жүрістегі экскаватотиегіштер мен экскаваторлардың сегменті жағына екпін жасап, британдық JCB өндірушінің жол-құрылыс техникасының барлық модельдік қатарын сатады. Осы жылы компания нығыздағыш техниканы, яғни, VMT260 моделінің тандемдік домалатқыштарын сатуда, олардың сипаттамалар типі мен өлшемі әртүрлі алаңдарда машинаны пайдалануға мүмкіндік береді. Шынжыр табанды машиналар механикалық ЖҚҚС, жанармайдың төмен сапасына толық бейімделетін және қызмет көрсету қарапайымдылығымен, сол сияқты неғұрлым қуатты өнімділігі бар Common Rail электрондық қозғалтқышымен ұсынылған. Сонымен бірге, 2021 жылы компания дизельдік генераторлар бойынша франшиза алды.

Қаржы әріптесі, Orbis Finance компаниясымен бірге Autodom Machinery клиенттері үшін тиімді қаржы құралдары әзірленді, олар бөліп төлеу мен лизингтерді қамтиды. Артықшылықтарына мыналар жатады: долларға байланбастан теңгемен шартты жасасу, бұл девальвациялық қатерлердің болмауына, салық төлемдерінің болмауына кепілдік береді, 1 сағатта мәмілені мақұлдаумен құжаттардың қысқартылған тізімі.  

«Біз Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтанда JCB жаңа дилерлік орталықтың ашылуы туралы мақтанышпен хабарлаймыз. 2021ж. бірінші жарты жылдығында экскаватор-тиегіштер бойынша нарықтың 50 %-ын алдық, айта кетуі маңызды, аты аңызға айналған JCB әлемдегі ең сатылатын экскаватор-тиегіш болып табылады. Сондай-ақ біздің компанияның үлесіне шынжыр табанды және доңғалақты экскаваторлар бойынша нарықтың 30 %-ын және шағын-тиегіштер бойынша 60 % келеді. Үздік көрсеткіштердің арқасында тоқтамай, JCB дилерлік орталықтың құрылысын Шымкент қ. және Ақтау, Өскемен және Ақтөбе қалаларында сервистік орталықтарды ашуды жоспарлап отырмыз. Елордада JCB 3S орталығының болуы біз үшін өте маңызды болды, өйткені бұл қала даму деңгейі бойынша елдегі көшбасшылардың бірі, мұнда жыл сайын миллиондаған шаршы метр тұрғын үй, коммерциялық жылжымайтын мүлік пен мәдени ғимараттар жалға беріледі», – дейді Autodom Machinery Бас директоры Елдос Садығұл.

2020 жылда ғана Қазақстанда пайдалануға 15 млн шаршы м-ден артық тұрғын ғимараттар берілді, ал осы жылы ҚР ИИДМ деректеріне сәйкес 17 млн шаршы метрден артық тапсырылатын болады. Сонымен қатар жаңа кәсіпорындар, сауда орталықтары, автомобиль және темір жолдар, инфрақұрылым объектілері және басқалары қарқынды салынуда. 2021 жылдың бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша құрылыстың физикалық көлемінің индексі 113,1% құрады, оң динамика елдің 16 өңірінде байқалады.

Құрылыс саласындағы жыл сайынғы осындай оң динамика – Нұр-Сұлтанда жаңа дилерлік орталықтың ашылуының басты себептерінің бірі. JCB – құрылыс және ауыл шаруашылық техникасының ірі әлемдік өндірушілерінің бірі. Бүгінгі күні JCB инженерлік-техникалық қамтамасыз етуі әлемдегі ең үздіктердің бірі болып табылады, компания 300 модельден астам техника өндіреді және тапсырыс берушілерге қызмет көрсетудің озық деңгейімен танымал. Техника 4 құрлықтағы 22 зауытта өндіріледі: Ұлыбритания, Бразилия, Үндістан, АҚШ және Қытай.  Компания өзінің 76 жылдық тарихы бойында ғылыми-зерттеушілік пен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге қомақты қаржы бөлуде, осының арқасында үнемі жаңашылдық енгізіп, ең заманауи технологияларды қолданады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз