Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Елордада халықаралық «Astanazdorovie-2016» көрмесі ашылды

Сатып алушыларға құрылғылардың мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Мәселен, денсаулық сақтау ұйымдарының құны 5 миллионнан 100 миллионға дейінгі техникаларды лизингке алуға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, шара барысында 3 шетелдік компаниямен тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты арттыру мақсатында меморандумға қол қойылды.

Қаныбек Қанатбекұлы, «Kazmedpribor holding» ЖШС бас директоры:

– Наркоз апараттары, инкубаторлар, монитор, узи, ренген апараттарын шығарамыз. Осы апараттарды Жапония, Корея, Италия елдерімен бірлесіп шығарып жатырмыз. 80 пайыз ауруханалар Қазақстандағы біздің жабдықтармен жабдықталған.

Алтынай Арманова, «Ана құшағы» қорының төрайымы:

– Біздің қордағы балалар ДЦП-мен ауырады. Қазір 81 бала бар. Алдағы уақытта орталық ашу жоспарымызда бар. Сондықтан жаттығу құралдарын іздеп жүрмін. Ресейлік компанияда бізге қажетті велотренажер бар екен. Бағасын келісу керек. Өйткені, бізге кемінде 5-6 жаттығу құралы қажет.

Сондай-ақ, шара барысында еліміздегі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың айналымы тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Министр Тамара Дүйсенованың айтуынша, елімізде соңғы 10 жылда фармацевтика нарығы 3 есеге өскен. Сондай-ақ, 400-ден астам дәрі-дәрмек мемлекет тарапынан тегін беріледі. Мәселен, өткен жылы салаға қазынадан 85 миллиард қаржы бөлінген.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

– Мемлекет тарапынан амбулаториялық дәрі-дәрмектер бар. 2 миллион адамға 400 түрлі дәрі-дәрмектерді тегін беріп жатыр. 49 ауру түріне. Ал стационарға келіп түсетін азаматтарды толық мемлекет есебінен төлеп отырмыз. Жылда бұған 200 миллиардтан астам қаржы жұмсаймыз. Ал дәріханаларда тұтыну тауары ретінде сатылып жатқан дәрі-дәрмектер оларды өндірушілер өздері алып барады. Сондықтан бұл жерде мемлекет араласа алмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз