Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Елордада Астана процесі мәреге жетті

Қайрат Әбдірахманов

“Оқ атуды толықтай тоқтатуды, арандатудың жоқтығын және барлық тиісті мәселелерді қадағалайтын үш жақты механизм жасау туралы шешім шығарылды. Біз Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ-қа қарсы күресті жалғастыруға дайын екенімізді және оларды қарулы оппозицияның басқа бөлігінен бөліп қарауға дайынбыз.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254 резолюциясына сәйкес келіссөздерді шұғыл бастау керек деген пікірдеміз”, – деп оқыды қорытынды мәлімдеменің мәтінін ҚР СІМ басшысы.

Қайрат Әбдірахманов келіссөз процесінің қатысушылары Сирия бойынша Астанада өткен халықаралық кездесудің Сирия үкіметі мен оппозициясының арасындағы тікелей диалог үшін тиімді алаң екенін атап өткенін хабарлады.

“Оппозициялық қарулы топтардың келіссөздердің келесі кезеңіне қатысу ниетін қолдаймыз. Үкімет пен оппозиция арасындағы бұл келіссөздер 2017 жылдың 8 ақпанында Женевада БҰҰ қарауында өтеді. Халықаралық қауымдастықтың барлық мүшесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254 резолюциясымен келісілген барлық іс-шараның жүзеге асырылу саяси процесін қолдауға шақырамыз. Астана платформасында БҰҰ аясында сириялық саяси процесті қамту үшін, жаһандық процестерге үлес қосу үшін белсенді әрекеттестікте болу туралы шешім шығардық”, – делінген Ресей, Иран және Түркия өкілдерінің қорытынды мәлімдемесінде.

ҚР СІМ басшысы Сирия бойынша келіссөздерге қатысушылардың қабылдаушы тарапқа алғыс білдіргенін атап өтті.

“Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, жалпы Қазақстанға Астанада халықаралық кездесу қабылдағаны үшін алғыс білдіреміз”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз