Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Елордада «Астана кештері» ХI Халықаралық өнер фестивалі басталады

Жоба аясында көрермендер классика, халық, эстрада музыкасын Қазақстанға және барша әлемге танытып жүрген үздік орындаушылардың өнерін тегін тамашалай алады. Фестивальдің қонақтары әлемдік сахналарды бағындырған өнер жұлдыздары болғанына қарамастан, концерттерге барлық билеттер тегін таратылады. Фестивальдің ерекше қонақтары – мүмкіндігі шектеулі жандар.

«Астана кештері» фестивалінің халықаралық деңгейде беделі зор. Бұл игі бастаманы барлық қатысушылар мен шетелдік әртістер әрдайым қолдап, бірлесіп жүзеге асыруға дайын.

Алғашқы концерт 30 мамыр күні сағат 19:00-де «Астана операның камералық залында өтеді. Көрермендер белгілі композитор Пьер Тиллуаның (Франция) шығармашылық кешін тамашалай алады. Концертке қатысушылар: Тимур Урманчеев, фортепиано (Қазақстан), Анна Серова, альт (Италия), Квентин Фогель, скрипка  (Франция), Шолпан Манкеева, скрипка (Қазақстан), Айгерим Ерсаинова-Шустер, кобыз  (Франция), Мурат Нарбеков, виолончель  (Қазақстан),  Дина Мирманова,  фортепиано (Қазақстан).

«Астана балет» театрында 2 маусым күні сағат 19:00-де өтетін концертте Берлиннің концерттік оркестрі мен виолончелист Эдгар Моро өнер көрсетеді. Концерттің дирижері – маэстро Фаусто Фунгароли. Әлемге танылған музыканттар Моцарт пен Гайднның үздік туындыларын орындайды.

3 маусым күні сағат 19:00-де елордалықтарға Берлиннің концерттік оркестрімен бірге фортепиано шебері Вадим Холоденко жаңа концертін ұсынады. Әлемге жылдамдығы және техникалық шеберлігі ерекше музыканттардың бірі ретінде танылған Вадим Холоденко Моцарттың фортепианоға арналған атақты шығармаларымен қуантады.

«Рок музыкасының алтын хиттері» атты үлкен гала-концерт  4 маусым күні сағат 18:00-де«Астана балеттің» сахнасында өтеді. Арнайы шақырылған солистер Йоган Бодинг (Швеция), Симоне Романато (Италия) Queen, Beatles, Kiss, Pink Floyd, Metallica, Scorpions, Led Zeppelin, Europе және т.б. атақты хиттерді орындайды. Концерттің дирижері – белгілі композитор Роберто Молинелли.

Өнер сүйер қауымға зор қуаныш сыйлайтын халықаралық фестивальдің ұйымдастырушысы – «Дегдар» гуманитарлық қоры. Билеттерді тегін алу үшін: тел. +77758990712.

Жалпы, «Астана кештері» фестивалі елімізде 2012 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Фестиваль музыкалық өнердің сан түрлі жанрларын біріктіретін ерекше концепцияның арқасында еліміздің мәдени өміріндегі игі дәстүрге айналды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз