Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Елордада Айсұлтан Рахатты еске алуға арналған жыл сайынғы «AR Сup 2022» балалар футбол турнирі өтуде

630

Іс-шара «Арманда. Дос бол. Ойна» атауымен ұйымдастырылды. Бұған Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды футбол орталықтары мен футбол мектептерінен 2012-2013 жылы туылған 150-ге жуық бала қатысуда.

Әлеуметтік сипатқа ие сайыс футбол орталықтары арасында Қазақстан Республикасының біріншілігіне қатыспайтын кіші жастағы балалар арасында жарыс жалауын желбіретеді. Мысалы, былтырғы турнирдің жеңімпазы «Астана» футбол клубы биыл өзге командалармен бірге жарыс алаңына қайта шығады.

Бірінші күні топтық турнир ойындары өтіп, командалар 5 командадан екі топқа бөлінеді. Ойын біткен соң балалар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейін тамашалайды.

Екінші ойын күні плей-офф кезеңінің матчтары өтіп, әуелі финалистер, артынша «AR Cup 2022» турнирінің жеңімпазы анықталады. Бұл ретте, ойыннан шығып қалған командалар өзара бақ сынасып, жарысты жалғастырады.

Жүлделі орын алған командалар медальдармен, ал турнир жеңімпазы – AR Cup 2022 кубогымен марапатталады. Бұған қоса, барлық қатысушы командаға естелік сыйлықтар мен әрбір ойыншыға сыйлық сертификаты беріледі.

Жыл сайынғы «AR Сup 2022» турнирінің өтуіне Айсұлтан Рахаттың достары мен футбол қауымдастығы мұрындық болуда. «AR Сup» алғашқы тартысты турнирі былтыр да Нұр-Сұлтандағы Астана Аренада өткен еді.

«AR Сup 2022» турнирінің мақсат-міндеті – өскелең ұрпақ арасында футболды дамыту, дәріптеу, бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстанның футбол орталықтары мен спорт мектептері арасындағы достық байланыс пен ынтымақтастықты нығайту.

Турнирге Қайрат ФК, Астана ФК, Шахтер ФК, Жеңіс ФК, Inter Almaty ФМ, СДЮСШОР-8, Достар ФМ, Vistа ФК, Sayran ФК, Целиноград ФМ жас спортшылары қатысады.

Қысқаша мәлімет:

Айсұлтан Рахат (1990-2020 жж.) футболды құмарлықпен жақсы көрді. Балалық және жасөспірім шағында кәсіби футболмен айналысты, Қазақстанның бірқатар футбол клубтарында ойнады. 2006 ж. футболдан Еуропа жасөспірімдер чемпионатына іріктеу турниріне қатысты. 2006-2007 ж.ж. Portsmouth FC клубының футбол мектебінде оқыды, 2007 жылы Англия чемпионатының қола жүлдегері атанған Portsmouth FC жасөспірімдер командасында ойнады.

БАҚ өкілдері үшін байланыс: Қайрат (+7 701 999 1586), Максим (+7 701 358 6138)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз