Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин турнирінде қазақ қызы Эльмира Сыздықова турнирде топ жарды.
Әйелдер күресінен 76 келі салмақта бақ сынаған Сыздықова финалда моңғол балуаны Даваанасан Енх-Амарды таза жеңді. Осылайша Сыздықова маусымдағы екінші жетістігіне жетіп отыр.
Сондай-ақ 62 келідегі Виктория Хусаинова күміс медаль иеленді. Ол Беларусь балуанымен 4:4 есебімен тең түсті. Бірақ төрешілер жеңісті қарсыласқа берді. Осы салмақта сынға түскен Тыныс Дубек қола медаль жеңіп алды.