Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Эльмира Сыздықова облыс әкімі тарту еткен көлікті әкесіне бере салды

«Toyota Camry көлігін (Қарағанды облысы әкімі Рио Олимпиадасындағы жетістігі үшін сыйға берген) әкеме бердім. Ол онымен үйге кетті», – деді Эльмира Сыздықова.

Оның айтуынша, спортшы ең бірінші орынға ата-анасын қояды.

Эльмира өзіне Қарағанды облысының грек-рим күресі, еркін және әйелдер күресі федерациясы сыйға берген Toyota Corolla көлігін қалдырған.

Әзірге, спортшы өзінің туған үйі Солтүстік Қазақстан облысына барған жоқ. Ол ата-анасымен бірге демалуды армандайды.

Қараша айында Эльмира Әзербайжанда өтетін Golden Gran Prix Baku халықаралық жарысына қатысуды жоспарлап отыр.

«Жақын күндері жаттығуды бастаймын. Маған демалу да зиян», – деді Олимпиада жүлдегері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз