Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Эльмира Сыздықоваға Шет ауданында алтын сағат тағып, 500 мың теңге сыйға тарту етті

 

 

Бұл туралы Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 8-қыркүйекте Шет ауданының орталығында Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің басшылығы және «Динамо» спорттық қоғамы аудандық ішкі істер органдары қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада өткізді. Аталған шараның басты қонағы Рио де Жанейро қаласында өткен Олимпиадада әйелдер күресі бойынша қола жүлдегер атанған Эльмира Сыздықованы Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мергенбай Жаппаров құттықтады.

«Бразилияға сапарға шығар уақытта, біз Сізге ақ жол тілеп, жеңіспен оралуыңызды тілеген болатынбыз. Енді, міне біз бен халықтың батасы қабыл болып Олимпиада жүлдегері атандыңыз. Бүгін, сәтіне орай қонақжай Шет ауданының топырағында, Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен ауыл полицейлерінің арасында спорттық спартакиада өтіп жатыр. Сол шараның ашылу салтанатында Сізді көру біз үшін үлкен құрмет», – деп Мергенбай Жаппаров Эльмира Сыздықова мен оның бапкері Владислав Суторминге алтын сағаттар табыстады.

Аудан әкімі Марат Жандаулетов өз кезегінде аудан тұрғындары мен басшылық атынан Эльмира Сыздықоваға 500 мың теңгенің сертификатын табыстап, спорттағы жетістігімен құттықтады.

Күн соңында спартакиаданың барлық қатысушылары Кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

dsc_5187

dsc_5218

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз