Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

Еліміздің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуды көздейтін заң қабылданды

Министрдің айтуынша, заң жобасы 3 тараудан тұрады.

«Бiрiншi тарау, Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құқықтық мәртебесiн, қызметiнiң негiздерiн, мiндеттерi мен функцияларын айқындайды. Қауіпсіздік Кеңесінің міндеттеріне: елдің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетілігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясаттың бағыттарын қарау; сол бағыттар бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру жатады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қауіпсіздік кеңесі төрағасының шешімдеріне сәйкес басқа да міндеттер қарастырылады», – деді басшы.

Кейін Марат Бекетаев заңның екінші тарауы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын, оның төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігін, оның қызметін айқындайтынын жеткізді.

«Атап айтқанда, келесі өкілеттіктерді бекіту ұсынылады: Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін басқаруды жүзеге асыру; оның отырыстары мен жедел кеңестерін шақыру;

Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережені бекіту; заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына бағынатын және есеп беретін Қауіпсіздік кеңесінің аппараты жүзеге асырады», – деді министр.

Бекетаевтың айтуынша, аталған құжаттағы үшінші тарау Қауіпсіздік кеңесі мен Қауіпсіздік кеңесі аппаратының қызметін қаржыландыру мәселелерін, сондай-ақ заңның күшіне ену тәртібін реттейді.

Тиісті талқылаудан кейін депутаттар аталған заң жобасын қабылдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз