«Қазгидромет» РМК алдағы күндердегі ауа райына болжам жасады.
Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында атмосфералық ағындардың ықпалынан жаңбыр жауады.
Республиканың солтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында алдағы екі тәулікте ауа райы жауын-шашынды, суық болады деп болжанып отыр.
Еліміздің шығысында, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады.