Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Еліміздің 11 облысында дабылды ескерту жарияланды

“9-13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде жылы ауа температурасының сақталуы мен жауын-шашынға байланысты ағынның ары қарай қалыптасуы, мұз кептелістері, су деңгейінің көтерілуі, судың жайылуы және су басу болжанып отыр. 9-11 сәуірде Алматы, Жамбыл облыстарындағы өзендерде және Алматы қаласында жаңбыр жауып, кей жерлерде ағын су қалыптасып, су деңгейі көтеріледі және су басады”,  — делінген хабарламада.

8-9 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады, сондай-ақ тұман түседі. 8 сәуірде Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді, кей жерлерде тұман болжанады. Орал қаласында 8 сәуірде күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз