Қазақтың дарақылығын басуға дағдарыс пен басқа қиындықтар да бұйым болмай тұр. Олар үшін жылы жаққа ұшақ жалдап бару немесе Қапшағайдағы казиноның төбесіне тікұшақпен қону түк емес.
Бұл туралы «Караван» газетінің тілшісіне осындай қызмет түрін ұсынатын компанияны құрған Қайсар Шыныбаев айтып берді.
«Қалыңдығын әкетуге ұшып бару туралы тапсырыс ең бірінші батыс өңірден түсті. Олар Ақтаудан Алматыға барды. Содан бері қыз ұзату, сырға салу және жабық отырыстарға адам апарып жүрміз. «Джетпен» немесе 500 адам сыятын «Боингпен» ұшуға болады» дейді Қ.Шыныбаев.