Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Еліміздегі тоқалдары бар ең танымал “шалдар” кімдер?

1341

Кайрат Жамалиев

Қазақстандағы атышулы тоқалдардың бірі – сотталып кеткен бір кездегі астаналық бай бизнесмен Қайрат Жамалиевтің екінші әйелі Айнур Исина. Ең алғаш 2008 жылы “Астана аруы” (Мисс Астана) байқауынан кейін жұрт назарына ілікті.

Айнұр Исина

Сол жылы “Қазақстан аруы-2008” байқауында бағын сынап, “I вице-мисс” атағына ие болған еді. Қазір 6-жасар ұлын тәрбиелеп отыр.

Тоқтар Төлешов

“Сыра патшасы” болған Тоқтар Төлешовтің тоқалы – Дина Нуралиева. Ол “Қазақстан аруы-2005” атағына ие болған. Бойжеткен бүгінде дизайнерлік қырынан да танылып жүр. Шымкенттік ару 2009 жылғы “Әлем аруы” байқауында топ-16 арудың тізіміне кірген.

Дина Нуралиева

Дина – “Шымкент аруы” байқауын ұйымдастыратын сән агенттігінің директоры. Кәсіпкер күйеуге шыққан, кішкентай қызы бар.

Алтынбек Қоразбаев

Сандуғаш Стамғазиеваның танымал әнші Алтынбек Қоразбаевтың екінші әйелі екені жалпақ жұртқа белгілі. Рамазан Стамғазиевтің қарындасы Сандуғаш бүгінде үлгілі ана атанған. Қазақ әйелдеріне тән қасиет бала тәрбиелеп үйде отыру болса, Сандуғаш өнерін отбасы үшін құрбан етіп, Алтынбек шаңырағын гүлдендіріп отыр.

 

Сары Әулие

90-шы жылдары “Сары әулие” деген атпен танымал болған әйгілі емші Марат Есенбаев 4 әйелімен өмір сүруде. Ол Қазақстанның әр аймағына, емдік сеансын өткізуге келген кезде үлкен стадиондардың өзіне халық сыймай қалатын. Кенже әйелі бүгінде 19 жаста ғана.

Дереккөз; caravan.kz
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз