Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Елімізде жүргізуші куәлігін алу мен көлікті есепке қою жеңілдетіледі

«7 тамыздан бастап бізде екі база жұмыс істейді. Енді мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері айыппұлдарды төлеу және көлік салығы бойынша барлық ақпаратты көре алады. Біздің ұсынысымызбен бұл орталыққа қайтадан құрылым жүргізілді. Біріншіден, мемлекеттік қызмет көрсету түрлері екіге бөлінді. Бірінші қабатта тек көлікті тіркеу, есепке қою бойынша қызмет көрсетіледі. Ал екінші қабатта жүргізуші куәліктерін беру жұмыстары жүзеге асады», – деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Айгүл Байханова.

Сондай-ақ арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына келушілер қызмет сапасы мен жемқорлық жайлы да шағымдана алады. Мұнда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылайтын қоғамдық қабылдау жұмыс істейді.

«Жабулы тұрған бәрі. Бүгінгі таңда  осы жерде барлығы халыққа көрініп тұрсын, барлығы оңай болсын, халық пен біздің қызмет көрсетушілердің арасында шектеулік болсын деп осындай қабырғаларды барлығын алып тастағанбыз», – деді ХҚКО департаментінің бөлім басшысы Нұрлан Аманбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз