Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Елімізде жыл басынан бері 55 мыңға жуық көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл басынан бері 54 335 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 5996 адам ішімдікке қарсы заңнаманы бұзғаны үшін, 3962 адам жекелеген қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйымды бұзғаны үшін, 1727 адам ұсақ құқық бұзушылықтар үшін, оның ішінде қоғамдық пайдаланатын орындарды ластағаны үшін – 985 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еліміздің көлік полициясы қызметкерлерімен азаматтарға жеке такси қызметін, пәтер жалдау, жол жүру құжаттарын сату қызметтерін ұсыну, сондай-ақ қайыршылық фактілерінің ескерту және алдын алу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.

Қоғамдық орындарда тиіскені үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 449 бабы бойынша 762 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде таксистер – 289.

«Бұл бағытта ерекше назар, әсіресе, Астана қаласының аэропорты мен темір жол вокзалына аударылмақ. Өйткені, айтулы мерекелерді тамашалауға еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар ағылмақ. Тіпті, бұған шет мемлекеттерден де келетіндер бар»,- деп атап өтті департамент бастығының орынбасары Талғат Өтетілеуов.

Мәселен, Талғат Өтетілеуовтың сөзінше, Астана қаласының әуежайы мен темір жол вокзалында есепті кезең ішінде 57 құқық бұзушы анықталып, ҚР ӘҚБтК 449 бабының 1 бөлімі, яғни қоғамдық орындарда тиісу бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осындай келеңсіздіктердің алдын алу және болдырмау мақсатында ағымдағы жылғы 30 қараша мен 2 желтоқсан және 15 желтоқсан мен 19 желтоқсан аралығында Көліктегі ІІД жеке құрамы ҚР Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күндерін мерекелеу қарсаңында еліміздің теміржол және әуе вокзалдарындағы сондай-ақ, жолаушылар пойыздарындағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз