Биыл Қазақстанда жүктілік пен босануға байланысты берілетін біржолғы әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері екі жарым миллион теңгеден аспайды.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметінше, 2026 жылы ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінен жоғары болмайтын орташа табыс ескеріледі. Бұл 595 мың теңге.
Осы өзгеріске байланысты алғашқы жартыжылдықта жүктілік пен босануға байланысты төленген әлеуметтік көмектің орташа көлемі 1 миллион 400 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,5% төмен.