Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Елімізде ыстықтың беті қайтпай тұр

Бұл туралы  Baq.kz хабарлайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

Павлодар облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріліп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында аптап ыстық сақталады, кей жерлерде күн өте қатты ысиды.

Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз