Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Елімізде ұшақта тәртіп бұзған жолаушылардың қара тізімі жасалғалы жатыр

Бұл негізінен бұзақылықтың қайталанбауы үшін қолға алынады. Тізімде 24 азамат тіркелген. Ішкі рейстерде шатақ шығаратындардың көшін Алматыдан Астана мен Атырауға және кері бағыттағы жолаушылар, ал халықаралық рейстерде Дубай мен Анталияға ұшатындар көш бастап тұр.

Статистика бойынша, Тбилисиге жол тартқандар ұшақ ішінде темекіні ең көп шегеді екен. Тәртіпке бағынғысы келмейтіндерге жазбаша түрде ескерту жасалады және әуе кемесіне отырар кезде есіне салынады. «Қара тізімдегі» адамның есімі 3 жыл бойы сақталады, ал одан шығу үшін небәрі 12 рейсті ешбір ескертусіз аяқтау ғана жеткілікті.

“Қазіргі жаза тым жеңіл. Бұзақылық жасаған адам небәрі 3 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлды төлеп, сапарын жалғастыра алады. Мамыр айындағы өзгерістерге сай енді бортта шылым шеккендер қауіп төндіретіндер қатарына енгізілді. Яғни айыппұл 200 айлық есептік көрсеткішке жетті. Оны төлей алмаған адам әкімшілік қамауға алынады”, – деді Air Astana компаниясының менеджері Ғалия Төлепбергенова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз