Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Елімізде қыс басталмай жатып 70-тен астам адам пеш түтініне уланып өлген

Марқұмдардың арасында бесіктегі балалар да бар. Құтқарушылар мұны көбіне жұрттың немқұрайлығынан деп отыр. Яғни, есік аузындағы пешке жүрдім-бардым қарап, тіпті құбырын тазалауға да ерінетіндер бар екен.      

Қатты жаурағанда түбіне тығыла кететін кәдімгі пеш соңғы кездері жылытып қана қоймай, жұрттың жанын да алып жүр. Әсіресе, суық өңірлерде ондаған адам уланып өлген.

Ал құтқарушылар көмірден еш кінә жоқ дейді. Қайғылы жайттар көбіне жұрттың немқұрайдылығынан болады екен. От жаққандар пештің өзі тұрмақ, құбырына да мән бермейтін көрінеді. 

Былтырдың өзінде 100 адам пештен уланып, әрең дегенде тірі қалған екен. Ал соңы адам өлімімен аяқталған қайғылы оқиғалар көбіне –Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік  Қазақстан облыстарында болған. Әлі көгілдір отын жетпеген аймақтар жылынамыз деп ұрынған. Сорақысы сол, пештен иістенгендер иісін бірден сезе қоймайды екен.

Бастапқыда басы ауырғандай боп, көзі ашиды. Кейін тынысы тарылып қалады. Ал ұйқыдағылар тіпті сеспей қатады. Адам мұрны сезбегенді бірден анықтайтын арнайы құрылғылар бар екен. Бірақ, қондырғы бәріне бірдей жетпеген соң құтқарушылар оны тек аз қамтылған отбасыларға ғана таратуда. 

64548

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз