Осы арқылы баспана иесі, үйінен шықпай-ақ азаматтарды пәтеріне онлайн тіркеп немесе шығарып тастай алады, деп хабарлайды КТК.
Жаңа жүйе келер жылдан бастап іске асады. Бірақ, интернет арқылы тіркеуге тұру үшін өтініш беруші мен қожайынның электронды қолтаңбасы болуы тиіс. Сондай-ақ, уақытша немесе тұрғылықты тіркеуге тұруға төленетін мемлекеттік баж салығы да алынып тасталуы мүмкін.
“Құпиялықты сақтау заңмен көзделген. Дербес деректерді сақтау заңымен әрбір қызметкерде өзінің логині мен паролі барлығы тағайындалған. Яғни, оған ешкім басқа біреу логин паролі жоқ болған соң кіре алмайды. Яғни, ол жүйеге кіре алмайтындарға ақпаратқа қол жетімділік беру жоқ”, – дейді ҚР ІІМ Халықты құжаттандыру басқармасының инспекторы Анар Жомартова.