Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Елімізде ұлттық дәрілік формуляр жасалады

178

Осынау маңызды мә­­селелерді шешу үшін 2015 жылдың соңында  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ұйыт­қысымен Ұлттық дәрілік формулярды жасау қолға алынды. Ал 2016 жылдың мамыр айында қазақстандық ұлттық формуляр (ҚҰФ) пилотты режимде іске қосылып,    2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында белгіленген басты міндеттердің бірі өз шешімін тапты.    Осылайша, Тәуелсіз мемлекеттер достастығында Қазақстан мұндай ақпараттық ресурсты алғашқы болып іске қосты.
Формулярдың бас редакторы  Талғат Нұрғожиннің  айтуынша, Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды құрастырудағы басты мақсат – медицина саласының ма­мандары мен қалың жұртшылықты    дәрі­лік заттар туралы өзекті, толыққанды, шы­найы ақпаратпен қамтамасыз ету. ҚҰФ-ты жасақтау барысында фар­мокотерапия саласындағы озық әлемдік тәжірибе қолданылды. Қазақстанның ұлт­тық формулярын әзірлеуге отан­дық мамандармен қатар, Дүниежүзілік Банк сарап­шы­лары, Еуропа мен Жаңа Зеландиядан келген халық­аралық кеңес­­шілер, тәжірибелі клиникалық фар­мако­логтар, сонымен қатар әлемде үздік болып саналатын британдық ұлттық дәрілік формулярдың бұрынғы директоры  Дункан Энрайт қатысты.
Оның айтуынша, ҚҰФ үш міндетті шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, оған тек тиімділігі дәлелденген, сапалы дәрі-дәрмектер енген. Екіншіден, онда дәрі-дәрмектің шекті бағалары көрсетілгендіктен, азаматтар белгілі бір дәрі түрін сауда маркасы арқылы емес, патенттелмеген атауына қарай, өзіне қолжетімді бағамен  таңдай алады. Әрі ме­кеме үшін де сатып алу барысында қара­­жатты тиімді пайдалануға жол аша­ды. Бұған қоса, медицина саласының маман­дарына әрдайым білімін жетілдіріп, жаңа мағлұматтар алып отыруға мүмкіндік береді.
Дункан Энрайт Қазақстанның ұлттық дәрілік формуляры тек Орталық Азия аймағындағы ғана емес, әлемдегі озық жобалардың бірі екеніне сенімді.   Ақпараттық ресурс мамандар мен қара­пайым азаматтарды дәрі туралы шынайы  мәліметтермен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар тек тиімділігі дәлелденген дәрілерді қолдануға ықпал етеді. Ал бұл өз кезегінде науқастарға көр­сетілетін медициналық қызмет сапасын көтеруге тікелей әсер ететіні сөзсіз.
«Еліміздегі медициналық мекемелер өз ұйымдарының формулярын жасақтау барысында осы ұлттық формулярды негізге алулары тиіс. Бұл мекемеге бюджетті ұтымды жоспарлап, тиімді дәрілерді сатып алуға мүмкіндік береді» дейді формулярдың бас редакторы Нұрлан Ерғожин.
Ұлттық формулярды қалың жұртшылық та www.knf.kz сайты арқылы орыс және  қазақ тілдерінде  онлайн-режимде қолдана алады. ҚҰФ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған жүйе бойынша құрыл­ған. Препарат туралы ең қажетті ақпараттың бәрі бір бетте жинақталған. Ал қажет болған жағдайда, сілтемені ашып, кеңірек мағлұмат алуға болады. Кері байланыс жүйесі арқылы сайтты қолданушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын қалдыра алады.
Ұлттық формуляр құрамына енген дәрілік заттардың тізімі тұрақты түрде жаңартылып отырмақ. Бұл дәрілік заттарды тағайындайтын дәрігерлерге жаңа тіркелген медициналық препараттар туралы, олардың кері әсері жайында ақпаратты уақытылы алуға, дәрілердің мөлшерлемесін белгілеу бойынша шешімдерін растауға, тиімді емдеу курсын тағайындауға көмектеседі. Қарапайым азаматтар да сайтқа өз бетінше кіріп, белгіленген дәрілердің қаншалықты сапалы екенін анықтай алады.

Б.СЕРЖАНОВА,
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық
орталығының баспасөз хатшысы

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз